Тәуекел Мүсілім 1 жасқа толған ұлын көрсетті
Тәуекел Мүсілім 1 жасқа толған ұлын халыққа көрсетті. Қалың көпшілік бір жасар Айтөрені әжесіне, яғни Тәуекелдің анасына ұқсатуда, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тәуекелдің отбасы Айтөренің алғашқы туған күнін шағын ортада атап өткен.
"Аллаға шүкір! Айтөрешіміздің 1 жасын тойладық. Ұлым, Алла қаласа үлкен азамат бол. Әжең, анаң және мен сенің мықты азамат болуына барымызды саламыз.
Әр отбасы жеке мемлекет екенін ұмытпаңыздар. Үйдегі балаларымызға дұрыс тәрбие берейік. Ертең еліне, қоғамға пайдасын тигізетіндей. Иманды, ұлтжанды ұрпақтарымыз көп болсын", – деп жазды Тәуекел.
Көпшілік бүлдіршінді Тәуекелдің анасына ұқсатты.
"Әжесінен аумайды екен! Болашағы нұрлы болсын!", "Әжесіне қатты ұқсап тұр", "Копия анаңыз ғой", – деп жазды оқырмандар.
Қазақстанда кімдер жәрдемақысыз қалуы мүмкін: Мемлекет табысты қалай есептейді
Министрліктің мәліметінше, отбасының санаты бір ғана жалақыға қарап анықталмайды
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды