Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өз ісіне жауап береді": Мәдина Сәдуақасова Алматы әкімін қолдады

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін Алматыда бір топ тұрғындар қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кетуін талап етіп, петиция ұйымдастырды. Бүгінде оған 26 мыңға жуық адам қол қойып үлгерген. Әкімге қарсы шыққандар әншілерді де үгіттеп жүрген көрінеді. Мәдина Сәдуақасова әлдебіреулердің "петицияға қол қой" деп ұсыныс білдіргенін айтты. Әнші әкімге қолдау білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сәдуақасова 2003 жылы "Ұлттық ұлан" оркестрінде жұмыс істеп жүрген кезінде жұрттың сөзіне еріп, басшысына қарсы қол қойғанын, кейін бұл ісіне өкініп қалғанын еске алды. 

"Мен үшін сол кездегі жағдайым супер: айлығым - 20 000, кіші сержант шенім бар, 7 000 тг премия түседі, жатақханада бір бөлмеде орным бар, бастығым тойға шығарып тұрады, қосымша оқуымды оқып жатырмын!

Бір күні жұмыстағы бір жігіт жүгіріп келеді: “Мадина, біз бастығымызды жұмыстан алып тастайын деп жатырмыз, қолыңды қой!” деп, “Не үшін қоям, менде бәрі шүкір ғой!” десем “Қалай күшті? Сен 3 жыл бойы бүкіл концерттерде, приемдарда ән айтып жүрсің, ал сені шетелдік поездкаға алмады, сенің үй алатын уақытың келді, сен офицер болуың керексің, қой қолыңды!", - деді. “Мен “Ии, жооқ, қоймаймын, шетелден өзім бас тарттым, оқуым бар деп, бастық бәріміз үшін жанын беріп тұрады ғой, қоймаймын қолымды, ренжімеңізші" деп кетіп бара жатқанымда: ”Мадина, а вот все оркестранты подписали, только ты одна осталась, зуб даю, он уйдет, а кто ты будешь после этого в коллективе?!" деген соң, мен қойдым қолымды.

Бастығымыз өз еркімен кетті жұмыстан. Кейін тек мен емес, көбі қиналды, бастығымыздың қадірін, ол кісі кеткен кезде түсіндік, басқамен салыстырдық. Ол кісі жұмыстан осылай кетсе де бір адамға ренжімеді ( ол тіпті қиын). Мені де, басқаларды да үнемі қолдап жүрді. Ал біз сол тірлігіміз үшін өмір бойы ұялып өтеміз.



Ал суреттегі Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, жеке танымаймын, бірақ алматылық ретінде айтарым: Алматымыз қанды оқиғаға дейін бір берекелі қалаға айналып келе жатқан. "Город без окраин" деген стратегиясының нәтижесін қаланың шет жақтарында тұрып жатқанның барлығы көрді: жарық, орталық канализация, жылу, жолдар. Сенбесеңіздер, сол жақтарға барып көрсеңіздер болады немесе, үлкен кісілерден сұрасаңыз айтып береді.

Алматы арнасында бұл кісі тікелей эфирге шығып, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп тұратын. Менің көзіме бұл кісі өз ісіне жауап беретін, босқа сөйлемейтін, сабырлы, істің адамы сияқты. Әдемі сөйлеп, бірақ іске келгенде дым бітірмейтін, показуха жасайтын адамдарды да көріп жүрміз ғой. Ал, Алматымызға түскен қаңтардағы қанды күндер ешқандай өңірге, тұрғындарына, басшысына келмесін", - деп жазды ол желідегі парақшасында. 

Оқырмандардың бір тобы "әншілер тапсырыспен әкімді қолдап отыр" деп айыптады. Оған Мәдина: 

"Ешқандай тапсырыс болған жоқ. Петицияға қол қойыңыз деп маған шыққан соң, басымнан өткен оқиға есіме түсіп, бұл кісі туралы да жазғым келді", - дейді Мәдина. 

Талқылау