"Терезені оқ тесіп өткен": Лидо Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде туысының үйіне қашқан
Әнші Лидо Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде балаларын алып, сіңлісінің үйіне тұра қашқанын айтады. Сөзіне қарағанда, ол тұратын үйге әлдекімдер оқ атқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Балаларымыз бейбіт елде, қорқынышсыз, жыламай өмір сүрсін. Қазақстанда болған сұмдық оқиғалардан кейін әлі өз-өзіме келе алар емеспін", - деген Лидо Алматыда болған оқиғалардың "эпицентрінде" тұратынын атап өтті.
"Барлығы басталған түні ұйықтап жатқан балаларымды алып, құрбымның үйіне кеттім. Келесі күні қайта келдік, бәрі бітті деп ойладым.
Отқа оранған әкімдік, жарылыстар, әскерилер, полиция... Мен балаларыммен сіңлімнің үйіне кетіп, 4 күн сонда болдым", - дейді әнші.
Үйіне оралған соң, Лидо тұрғын үйге оқ тигенін байқаған.
"Біз 11-қабатта тұрамыз. Үйге келгенде көрші терезенің сынғанын байқадым (ол да 11 қабатта). Ол оқ болып шықты. Көршілерім аман деп үміттенемін", - деген әнші қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады