Алмат Сақатов немересін ойнату үшін аулаға балта алып шыққанын айтты
Актер Алмат Сақатов Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде не қиынға соққаннын айтты. Өнер иесі үш күн бойы бүлікшілер ойына келгенін істеді, деп ашынды. Сақатов қиын күндері немересін ойнату үшін далаға балта алып шыққанын айтып күйінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Маған қиын болғаны, кішкентай немерем үйдің маңайында қыдырады. Апармайын десең, түсінбейді. Мен өмірімде бірінші рет өз туған жерімде, Қазақстанның ең мықты қаласының ортасында немеремнің арбасына балта салып алып шықтым. Балтаны қолыма ұстап, қыдыртуға алып шықтым баланы", - деді актер.
Бұдан өзге, Сақатов болған жағдайдан кейін елімізге мықты әскер керек екенін баса айтты.
Дариға Бадықова: Бізде ұрлауға мүмкіндік жоқ екен, әйтпесе ұрлағанның көкесін көрсетеді екенбіз
"Еліміз мықты!!Жеріміз байтақ, тек есі дұрыс Ер қажет екен! Президентіміз шынайы түсінген шығар. Елді қорғау үшін мықты әскер қажет! 18-ге толған әр қазақ жігіті әскерге бару керек! Және екі жыл әскер қатарында отан алдындағы борышын орындау керек", - деп жазды ол.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады