Айсәуле Бақытбек екінші сәбиін дүниеге әкелді
Белгілі продюсер Баян Алагөзова екінші рет әже атанғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/aissaulebakytbek/bayanmaxatkyzy
Айсәуле Бақытбек екі қыздың анасы атанды.
“Қайырлы күн! Бүгін 2023 жылдың 20 шілдесінде біздің отбасымыз тағы бір жанмен толықты. Қызым екінші рет ана атанды. Ол әдемі, дені сау, бақытты қызды дүниеге әкелді. Қазір перзентханадағы қызыма сорпа мен котлет алып бара жатырмын. Қызымды құшақтап, немеремді қолыма алуға асықпын. Құттықтауларыңызды қабылдаймын", - дейді Баян Алагөзова.
Айта кетейік, Айсәуле Бақытбек былтыр қаңтар айының 17 күні тұңғышы Сафияны дүниеге әкелген еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар