Айсәуле Бақытбек әкесі жайлы сұрағандарды "мамбет" деп атады
Әкесі бостандыққа шыққалы Айсәуле Бақытбекке ең жиі жолданатын сауал біреу – "Әкеңмен кездестің бе?". Блогер жеке өміріне тыныштық бермейтіндерден әбден мезі болғанын айтады. Шыдамы шегіне жеткен Айсәуле бұл жолы әкесі жайлы сұрағандарға ұрысып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Осындай хат жазатын мамбеттерге шыдайтын күшім жоқ. Жалынамын, менің парақшамнан шығып кетіңіздерші. Рахмет", – деп жауап берді.
Десе де, Айсәуле әкесімен кездесіп үлгергенін айтты.

Айта кетейік, шілде айының соңында Бақытбек Есентаев түрмеден босап шықты. Ол 2016 жылы 9 жылға сотталып, мерзімінің үштен екі бөлігін өтеген соң, сотқа арыз берді. Сот оның тәртібі мен бұрынғы әйелінің өтінішін ескеріп, босату туралы өтінішті мақұлдады. Есентаевты қарындасы мен дос-жарандары күтіп алды. Есентаев түрмеден шыққаннан кейін дәрігерлерге қаралып, Instagram-ға тіркелді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"