Айсәуле Бақытбек: Әкем үйленсе, оның әйелімен қуана тіл табысамын
Айсәуле Бақытбек анасының күйеуі Тұрсын Алагөзовпен қандай қарым-қатынаста екенін айтты. Ол отбасында ешкімнің жеке өміріне араласпайтынын, әкесі екінші рет отбасын құрған жағдайда оның да таңдауын құрметтейтінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Біздің отбасымызда біреудің өміріне араласу дұрыс саналмайды. Ересек, саналы адамдарда солай болуы тиіс деп санаймын. Анамның күйеуіне құрметпен, қалыпты қараймын.
Әкем үйленген кезде, оның да әйелімен қуана тіл табысамын. Тиісінше, олар да маған сондай қарым-қатынас жасайды. Барлығы бақытты. Негізінде қарапайым нәрселерді адамдардың неге қиындататынын түсінбеймін", - деді Айсәуле.

Бұдан өзге, бикеш босану туралы сауалға жауап берді.
"Қорықпауға және босану туралы аса ойламауға тырысамын. Себебі бұл процесс бәрібір тек бір Алланың қолында. Күнде "қазір босанамын" деп қорқып жүре берсең, өмірден ләззат алуды да ұмытасың", – дейді Айсәуле.
Түлкілер неге қала ішіне емін-еркін кіріп, қар барыстары төмен түсті: Зоолог Алматыдағы жағдайды түсіндірді
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ