AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нашақор, ажырасады": Айсәуле Бақытбек ең сорақы пікірлер жайлы айтты 

Айсәуле Бақытбек оқырмандары жазған жағымсыз пікірлерге жауап берді. Ол ойына келгенді жариялай салатын хейтерлерге өтінішін де білдірді. Айсәуле Harper’s BAZAAR Kazakhstan басылымының қонағы болды. 

"Күйеуің шал сияқты. Анаңның күйеуі әлдеқайда тартымды!" Иә, Айсәулеге оның күйеуі Әлішер туралы пікірлер жиі қалдырылады. Оған блогер: 

"Ол менен бір жасқа ғана үлкен. Өзі де: "Менің жас әйелім сияқты көрінесің" деп айтады. Есесіне мен риза болып қаламын", – деп жауап берді.

Елдің сынына ұшыраған мына фотоға қатысты Айсәуле: 

"Иә, менің күйеуім темекі шегеді. Басқа миллион адам шылым тартады. Дәрігерлер қанша тыйым салса да, кейбір екіқабат әйелдер де шегеді", – деді. 

Айсәулеге жазылатын жағымсыз пікірлер оның отбасына ғана емес, достарына да әсер етпей қоймайды. Бір жолы Айсәуленің құрбысы оқырманның "нашақор" деген сөзінен соң үлкен проблемаға тап болған.



"Ыстамбұлда өткен қызойнағымда құрбыларыммен бірге түскен сурет жарияладым. Біреу бізді "нашақорлар" деп жазып кетіпті. Менің отбасым ондайға үйренген. Ал құрбымның отбасы хабарласып, түрлі зиянды заттарға тест тапсырта жаздады. Адамдар ойына келгенді жаза салады. Кейбір басылымдар оны шынайы деп қабылдайды. Олай жасамаңыздаршы, жақында ешқандай құрбым қалмайды.
Онсыз да менімен ешкім суретке түскісі келмейді. "Неге күйеуіңді көрсетпейсің?" дейді маған. Өз пікірлеріңізді оқыңыздаршы. Несін көрсетемін?" – деді Айсәуле.

Бикешке жазылған ең сорақы пікірлердің бірі сіңлісі Айарумен бірге түскен суретке қалдырылған. 

"Болашақта ажырасатын қыздар", – деп жазған оқырман.

"Адамдар мүлдем Құдайдан қорықпайды", – деді Айсәуле. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр