Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ән кештері, шынайы оркестр және цирк: Сәуір айының алғашқы аптасында қандай іс-шараларға баруға болады

Көктемнің алғашқы айы да өз мәресіне жетті. Демек, алда күн жылынып, үйден шығып, сыртта серуендеп қайтудың себептері көбейе түседі. Осы орайда біз қалаңызда болатын концерттерді қалт жібермей, театрларда қойылым тамашалап, немесе жаңа кинотуындыларды көріп қайтуға кеңес береміз. Ал сіздің ыңғайыңыз үшін Jusan-мен бірге сәуір айының алғашқы аптасындағы ең қызықты іс-шаралардың тізімін жасадық. Оқи отырыңыздар. 

Сіз ең қызықты іс-шаралардың топтамасын мобильді банкингтен көруге болатынын білесіз бе? Тек қарап қана қоймай, билеттерді тиімді жолмен Jusan қосымшасында сатып алуға болады. Әрбір сатып алынған билет сомасынан 4% бонус беріледі. Өз кезегінде бұл бонустарды жинап, оны келесі жолы тағы билет сатып алу үшін пайдалана аласыз. Бір айтары, “Билеттер” сервисінен кино мен театрдан бастап, концертке дейін, спорттық шаралардан пайдалы шеберлік сағаттарына дейін табуға болады. 

Сонымен сәуірдің алғашқы аптасында қандай іс-шараларды тамашалап үлгеру керек? Келіңіз, бірге таңдайық!

1 сәуір

Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Н.Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрі концерт өткізеді. Кеш белгілі композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туған күніне арналған. Концерт кешкі 19:00-де басталады. 

Ал Ақтау тұрғындары балалық шаққа да саяхат жасай алады. Бұл күні атындағы музыкалық драма театры “Менің атым Қожа” қойылымын көрермен назарына ұсынбақ. Б.Соқпақбаевтың шығармасына негізделген театрландырылған қойылым 1-3 сәуір аралығында көрсетіледі. Басталуы 19:00-де. 

2 сәуір 

Ақтөбедегі Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда камералық оркестр “The best of Netflix” атты концерт өткізеді. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары оркестр орындауындағы белгілі сериалдардың музыкасын тыңдай алады. Концерт 16:00-де басталады. 

Карантин мен шектеу шаралары кезінде циркті сағынған алматылықтар үшін керемет жаңалық бар. Ересектер мен қаланың кішкентай тұрғындары 2 және 3 сәуірде Алматы циркінде өтетін халықаралық бағдарламасын тамашалай алады. Бағдарламаға Ресей, Украина және Қазақстанның үздік әртістері қатысады. Басталуы 16:00-де.

3 сәуір

Белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің гастрольдік сапары Семей қаласында жалғасын таппақ. МузАРТ солисінің жеке мерекелік ән кеші қалалық мәдениет сарайында 18:00-де басталады. 

Ал Алматы тұрғындары мен қонақтарын әнші Нұрболат Абдуллин өз концертімен қуантпақ. Республика сарайында өтетін концерт 20:00-де басталады. Қапы қалмаңыздар!

4 сәуір

Қарағанды тұрғындары Ресей балетінің жұлдыздары өнер көрсететін гала-концертін тамашалай алады. Концерт Кеншілер мәдениет сарайында 19:00-де басталады.

Алматы қаласындағы "Өркен" театр студиясында көрермендер назарына ерекше қойылым ұсынылады. "#Огонь детка" деп аталатын спектакль әйелдердің жан-сыры туралы баяндайды. Қойылым 19:00-де басталады. 

5 сәуір

Нұр-Сұлтан қаласындағы Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында "Сол бір кез" атты ретро концерт өтеді. Кеште Мәдениет саласының үздігі Тоғжан Жахин жетекшілік етеді. Сонымен қатар "Alem" эстрадалық би ансамблі мен филармония солистері өнер көрсетеді. Басталуы 19:00-де.

6 сәуір

Симфониялық музыканы жаны сүйетін Алматы тұрғындары мен қонақтары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтетін гала-концертке бара алады. Концертте Қазақстан, Ресей және Германияның белгілі музыканттары өнер көрсетпек. Басталуы 19:00-де. 

7 сәуір 

Бейсенбіде жаңа фильмдер жарыққа шығатыны белгілі. Аптадағы фильм премьералары:  “Прятки” (АҚШ, детектив, триллер жанры), “Балканский рубеж” (Сербия,  боэвик жанры), Мальчик-дельфин (Германия, анимациялық фильм), Скорая (АҚШ,  боэвик жанры), “Призрак монахини из Борли” (Ұлыбритания, хоррос жанры). 

Бұған қоса кинотеатрларда отандық “Қазақша бизнес Түркияда”, “Келинка Сабина 3”, “Күшік құда”, “I go to school” фильмдері, сонымен қатар Голливудтың "Морбиус", "Смерть на Ниле", "Парни под прикрытием", “Соник 2” кинотуындылары көрсетілуде.  

8 сәуір

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан орталық концерт залында мемлекеттік симфониялық оркестрі концерт өткізеді. Кеште италиялық саксофоншы Гаэтано Ди Бакко мен нидерландылық дирижер Конрад Ван Альфен өнер көрсетеді. Симфониялық концерт 19:30-да басталады. 

Jusan мен Ticketon коллаборациясы – “Билеттер” сервисі жайлы толығырақ мына сілтеме арқылы оқи аласыздар. 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген  07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия.

Талқылау