Айнұр Серғазиева Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшысының орынбасары болып тағайындалды
Айнұр Серғазиева ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жазылды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Айнұра Қамидоллақызы Серғазиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген мәлімдемеде.
Айнұр Серғазиева 1991 жылы 23 маусымда дүниеге келген. Ол Алматы энергетика және байланыс университетін "радиотехника, электроника және телекоммуникация" мамандығы бойынша, техника және технология бакалавры, техника ғылымдарының магистрі мамандығы бойынша бітірген.
2010-2013 жылдары - "Алматы энергетика және коммуникациялар университеті" КЕАҚ орта білім беру маманы қызметін атқарған.
2013-2015 жылдары – "Алматы энергетика және коммуникациялар университеті" КЕАҚ жоғары білім беру маманы мен оқу жұмысын үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз ету секторының меңгерушісі болған.
2016-2018 жылдары – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жетекші маманы.
2018-2022 жылдары – "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ жобаның бас менеджері/бағдарлама жетекшісі/Мемлекеттік бағдарлама аймағының басшысы/жауапты хатшы/басқарушы директор қызметінде болған.

"Қабырғалары бір жыл болмай жарылып, құбырлары істен шыққан": Алматыдағы қай тұрғын үй кешеніне тұрғындар көп шағымданады
