Айнұр Тұрсынбаевадан жеңіліп қалған ақын Төреғалидың сынына жауап берді
Бірер күн бұрын Алматы төрінде өткен «Жыл таңдауы-2017» байқауында Айнұр Тұрсынбаева мен Дидар Қамиев айтысып, Тұрсынбаева жеңіп кеткен еді. Десе де «Жыл таңдауына» қатысудан бас тартқан Төреғали Төреәлі байқау өткеннен кейін орын алған әділетсіздіткерді айтып, сынап тастаған еді. Біраз уақыт өткеннен кейін атйыста жеңіліс тапқан айтыскердің өзі Төреғалидың сынына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Ақын Дидар Қамиев Instagram желісіндегі жеке парақшасында Төреғали Төреәлінің сынына жауап берді. Ақын да байқауда әділетсіздік орына аларын біліп, тек өзін қолдаған көпшіліктің көңілі үшін барғанын айтты.
«Мен де түсіне алғам жоқ ісін Жанның,
Жыл таңдауы ордасы емес тұшымды әннің.
Жалаңаш, сырға таққан сайқымазақ,
Әншілерді көргенде ұшынғанмын.
Ақындардың рейтингін жариялады,
Білмеймін атымызды ұсынған кім?!
16 мың жан маған дауыс беріп,
Құсымды елден биік ұшырғанмын.
«Артынан жабық дауыс өтеді»деп,
Айтқанда кім жеңерін түсінді әркім.
Бармай-ақ қояр едім, дауыс берген,
Жандарды ойлап шаруамды ысырғанмын.
Біз саған сенім арттық, ал сен неге,
Бармадың деп айтар деп қысылғанмын.
15 мыңның темірі үшін емес,
16 мыңның көңілі үшін бардым!»,- деп жазды Дидар Қамиев.
Өз кезегінде Дидар Қамиевтің желідегі оқырмандары да жабық дауыс беруде әділетсіздің орын алғаныны айтып жатты.
«Әншілердің жанынан шықпайтын Тұрсынбаева алмағанда, кім алады?», «Бастысы халықтың таңдауы ғой. Дидар, біз үшін ең мықты ақынсыз», – деп жазды желі қолданушылары.
Естеріңізге сала кетсек, Алматы төрінде дүркіреп өткен «Жыл таңдауы-2017» байқауына Төреғали Төрелі 91 тобы үшін қатысудан бас тартқан болатын. Байқаудан кейін Төреғали ұлттық музыкалық жүлдеде орын алған әділетсіздікті айтып, сынаған еді.
Оқи отырыңыз:
Танымал италиялық әнші қазақ қыздары туралы: Қыздар қымбат көлік пен қалтаға қарайды
Жаңа көйлегін көрсетіп мақтанған Ерке Есмаханды желі қолданушылары сынап тастады (видео)
Төлеген Мұхамеджанов: Ажырасқан соң үйден бір портфельмен шықтым, түнейтін жерім болмады