Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева отырып қалған қыздарға орынсыз сұрақ қоймауға шақырды

Танымал ақын Айнұр Тұрсынбаева адамның жүрегін ауыртатын сұрақтар жайында жазбасымен бөлісті. Ол онсыз да жаны жаралы адамдарға артық сұрақ қойып, “буынсыз жерінен пышақ” ұрмауға шақырды.

20065781_1415874311792447_5114365090920923136_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Назарларыңызға Тұрсынбаеваның жазбасын толық нұсқада ұсынамыз.

«Жақында бір пост оқыдым… Орысша… Адамның жүрегін ауыртатын сұрақтар жайлы… Шындығында адамға сұрақ қойғанда ойланбайды екенбіз ғой. Мысалы басы бос туысымызды немесе танысымызды көре қалсақ “неге үйленбейсің” деп бас саламыз. Қыз бала болса тіпті жаман.”Әй, неғып жүрсің, күйеуге тимейсің бе” деп түрткілей жөнелеміз. Ауыр ма?! Ауыр. Қыздардың жасы 25-тен асқанда өздері де жалғыздықтан депрессияға кіре бастайды, және ол келін болудан қашып жүр деп кім айтты сізге?! Қалауындағы жігіт кездесіп, аламын деп тұрса есі дұрыс қыз бас тарта ма?! Адам болмаса біреудің үйіне өзі барып кіріп ала ма?! Осымен қалып кетемін бе деген үрей де жүрген адамды одан сайын тығырыққа тіреп тастаймыз.

Үйінде отырып қалған қызы бар танысымызға да тыныштық жоқ. “Қызың неғып отыр?!”, “Үйленетін ойы бар ма?!” Перзентінің өз бақытын тапқанын қай ана қаламайды құдай-ау?! Ана жүрегіне ауыр ма?! Ауыр.

Мен көп перзентім болса деп көп армандадым. Қаралмаған жерім жоқ! Бір жерге барсам “осы сен неге тағы туып алмайсың” деп сұрамаса екен деп отыратынмын. Әсіресе көпшілік жерде. Жүрегіме біз тығып алғандай әсер ететін. Ал перзент сүйе алмай жүрген қаншама адам бар. Көріп қалсақ бас саламыз. “Неғып тумай жүрсің?!”, “жас кезіңде туып алсаңшы”, “Қашан барамыз шілдеxанаға?!” Бала күтудің қаншалықты қиын екенін жақсы түсінем… Жаның жабығып жүргенде осындай сұрақтар одан сайын езіп жібереді-ақ. Әсіресе жұрттың көзінше…

Күйеуі ішетін әйелге де маза жоқ. “Қой деп айтсаңшы”, “емдетпейсің бе”… Бала-шағасы тастап кетсе де сол… “Балаларың кетіп қалған ба”, “келінің кеп тұра ма”… Баспанасы жоқ болса да пәле…”Неге үй алмайсыңдар”, “қашанғы үйсіз жүресіңдер…” Адам жетіскеннен үйсіз жүре ме, көкем-ау?! Жетпейді ғой жетпейді!

“Неге арықтап кеткенсің”, “неге семіріп алғансың”… Ауыр…. Өте ауыр… Неге жұрттың өмірі қызық?! Не шаруамыз бар?! Ал білдік ал жауапты. Естідік! Бақытты боп кеттік пе? Раxаттанып қалдық па? Қызық па екен?! Әлеуметтік желіде де сол. Көп сұраққа жауап беру ауыр. Адамның көңіліне қарау да мәдениеттіліктің, имандылықтың белгісі! Көңілге қарап сөйлеп үйрене білейік», – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева: Келінді үй қызметшісі етіп қоятындарға таңғаламын

Өліммен арпалысқан ғашықтарды клипке түсірген Ернар Айдар жұртты жылатты (видео)

Оққағар, люкс: бөлме, ұшақ, көлік: Қайратты шетелге шақыртушыларға қойылатын негізгі талаптар белгілі болды

Дәурен Айдарқұлов келіншегімен бірге енді телехикаяға түспек

 

Талқылау