AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барлығы маска тағуға міндетті: Қазақстандық студенттер мен оқушыларға жаңа оқу жылында қандай талап қойылатыны айтылды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында мектеп, колледж және университеттерге қандай талаптар қойылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің барлық санитарлық талаптарға сай, дәстүрлі түрде білім алу жалғасатынын айтты. Студенттер мен қызметкерлер білім ошақтарына Ashyq жүйесі арқылы кіргізіледі. 

“Оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады. Жаңа оқу жылында білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және денсаулығын сақтау үшін арнайы санитарлық іс-шаралар қабылданады. Барлық мектептер, колледждер мен университеттерде қызметкерлер мен білім алушыларға маска тағу міндетті болады. Барлық білім беру ұйымдарында күнделікті термометрия, дезинфекциялау, желдету, кварцтеу шаралары өткізілетін болады. Студенттер, педогогтер мен басқа да қызметкерлер Ashyq жүйесі арқылы ғимараттарға кіргізіледі. Жұмыскерлердің вакцина алуы да қадағаланады. Оған қоса мектептерде қосымша ауысымдар бекітіліп, үзілістер уақыты бекітіледі. Бір сынып, бір кабинет жүйесі жұмыс жасайды. Барлық бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады”, – дейді Аймағамбетов. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр