AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Орынбек: Ермекбаев отставкаға жай кетпей бүкіл жемқор генералдар мен шенеуніктердің туысқандарын айтып кетсін

Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек Жамбыл облысындағы жарылысқа қатысты Нұрлан Ермекбаевқа жазба арнады. Заңгер генералдан отставкаға кетпей тұрып есеп беруін талап етті. 

“Генерал Ермекбаев! Отставкаға жай кетпей бүкіл тендер ұтқан генералдар мен шенеуніктердің туысқандарын айтып кетіңіз! Ел білу керек еліміздегі жемқор батырларды!

Мың министр ауысса да, бәрібір нәтиже болмайды! Себебі әскери қорғанысты жемқорлық жаулап емес, ұя салып торлап алған! Кез келген елді басып алу үшін ең бірінші қару жарақ қоймасын өртейтінін тарихтан білеміз.

Арыстағы қойма жарылғанда Ермекбаев “бүкіл ауыл аймаққа жақын қоймалар көшіріледі және тексеріліп қатаң бақылауда болады” деп уәде берген еді. Халықтың көбісі біле бермейтін шығар әскерге миллиардтаған емес триллиондаған ақша бөлінетінін”, – деп жазды қоғам белсендісі желіде.

Заңгер әскери салада қомақты қаржы бөлінетінін, алайда оның барар жеріне жетпей қалтаға кететінін айтып қынжылды. Осы ретте қару-жарақ қауіпсіздігіне бөлінген қаржылар тендерді жою керек деген ұсынысын жеткізді. 

“Қару-жарақ қауіпсіздігіне бөлінген қаржылар тендер арқылы ойнатылып, өртті алдын алатын құрылғылардың арзаны орнатылып нәтижесінде тұтанған затты сезбей жарылыс болатынын бірі білсе, бірі білмес. Арыстағы жарылыстан соң сабақ алмадық, мемлекетіміздің қорғаныс саласында тендерді алып тастау керек!



Әскери саладағы көптеген жемқорлықпен таныспын! Әскерилердің тамағы, тіпті тегін берілетін киімдері, пәтерақыларына дейін жемқорлық жайлаған! Барлығы тендермен ойнатылады, тендерді ұтатындар сол шенеуніктердің туысқаны. Әскери сарбаздар быламақ жеп жатса да оларға бәрібір. Көп дүние жазуға, ашынып тұрып айтуға болар еді. Қорғаныс саласы еліміздің қауіпсіздігіне қатысты болған соң осымен тоқтайын!”, – деді ол. 

Айгүл Орынбек мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсат келтіретін ақпараттарды жариялауды сақтықпен қарауды ескертті. 

“Бізді шет ел тыңшылары да оқып отыратынын ұмытпауымыз керек. Әсіресе әскери қорғанысқа қатысты видео мен суреттер таратар кезде мемлекетіміздің қауіпсіздігін ойлаңыздар! Бізге талибандар келіп әуре болмай-ақ қойса болады, іштегі жемқор талибандар жетіп жатыр!”, – деп жазды заңгер.

"Ал генерал Ермекбаев мырзаға айтарым –  нағыз елін сүйетін офицер болса, бүкіл жемқорлардың тізімін ел алдына шығармасаңыз да, президентке ашып айтып кетіңіз!”, – деп жазды заңгер. 

Жамбыл облысындағы болған апат жүргізілген жұмыстардың нәтижесіз екендігін көрсетті. Айта кетсек, әскери қоймада болған жарылыс салдарынан тоғыз адам қаза тауып, 90-ы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр