AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жарылыс болса Кеңес Одағына жаба береміз": Алмат Сақатов Жамбыл облысындағы жағдай туралы

Алмат Сақатов Жамбыл облысындағы жарылысқа қатысты ойын айтты. Актер бұндай олқылықтар қашанға дейін жалғасады деп қынжылды. 

Алмат Сақатов Арыстағы жағдайдың қайталануы ойланарлық жайт екенін айтады. Ал бұндай олқылықтарға кімдер кінәлі деген сұрақтың жауабын таппай дал. Одан бөлек жемқорлықтың түп-тамырымен жайлағанын сөз етеді.

“Ассалаумағалайкум! Соңғы үш-төрт жылда кім кінәлі деген сұрақ қойылғанмен, соған жауап таппай жүрмін. Арыс. Тараз. Тағы қай жер??? Бір ақсақалға осы сұрақты қойғанда ол атам айтыпты. Малың сүт бермей ет жинамаса, жем-шөбін ауыстырғаннан еш пайда жоқ. Пайдасы жоқ малды сойып тастау керек деген екен. Миллиардтап ұрлайды. Екі-үш жылмен құтылып, оның өзін жылы түрме, жұмсақ тамақ жеп өткізеді. Әскери бөлімдер жарылып, адам өлімі болса өткен кеңес одағы кінәлі. Сонда кім кінәлі?? Кім??? Өмірден жап-жас балалар өтіп жатыр. Төрде отырған ақсақал ақымақ болса, етектегі балаң жетім. Кім кінәлі?? Кім??”, – деп жазды Алмат Сақатов желіде. 

Желідегі оқырманы актердің сөзін қолдап, өз пікірін білдіріп жатыр. 

“Дұрыс айттың. Жап-жас балалар. Боздақтар. Қазақтар бәрі. Ішім күйеді. Обал-ай, жандарым-ай. Бұлар жұмыс істемейді. Тек жеуді біледі. Қашан тояды деп барі қырылып болды ғой”, “Жемқорлық түп-тамырымен құрымаса, нәтиже жоқ”, “Неге Арыстан кейінгі жағдайдан соң сабақ алмады? Неге жағдайды реттемейді? Тағы бір жарылысты күтіп отыру керек пе?”, “Жауаптылар қайда қарап отыр?”, “Дұрыс айттыңыз, сізді қолдаймын”, – деді олар.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр