Айгүл Иманбаева ата-анасы мен әкесінің екінші жұбайын көрсетті
Айгүл Иманбаева көпшілікке ата-анасы мен әкесінің екінші жұбайын көрсетті. Ұзақ жылдар бойы араласпаған бұрынғы жұбайлар ортақ туыстарының тойында бас қосқан. Иманбаеваның айтуынша, бүгінде қарым-қатынастары түзелген, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ай, өмір-ай. Берері таусылмайтын Жаратушымның құдіреті-ай. Біз асыққанмен Алла асықпай бәрін орнына қойып, маған қаншама нәрсені түсіндіріп, кемелдендіріп, тереңдетіп, нағыз өмірді сүруім үшінде әке-шешемді екі жаққа жіберіп, өзіме күресуді үйреткенің үшін алғысым шексіз. Барлық тағдыр тауқыметіме алғыс айтамын.
Бүгін әжеміз Гүлжанның екінші атамыздан тараған ұлы Камиль ағамыздың шаңырағындағы қуанышта бас қостық! Әкемнің екінші жолдасы Нұрбала анамыз да фотода бар. Бұл күнімізге де сансыз алғыс жаратқан ием", – деп жазды Иманбаева.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"