Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұрынғы қазақ қоғамындағы әйелдің орны биік": Танымал этнограф ер-азаматтарды әйелді сыйлауға шақырды

Танымал этнограф, ғалым Болат Бопай қоғамдағы әйелдің беделі мен орнын “Мамский әңгіме” подкастында айтып берді.  

Фото: https://www.instagram.com/momskiy_angime/

Ғалымның сөзінше, әйелді төмен санау – коммунистік жүйенің идеологиясы көрінеді. 

Келінді адам құрлы көрмеу әр өңірде әртүрлі қалыптасқан. Атын атамай-ақ қояйын, ұлдың баласы, қыздың баласы деп бөлетіндерді де көзім көріп, құлағым естіді. Бұл дұрыс емес. “Ұлдан туғанды “өзіміздің тұқым” деп, қыздан туғанды “қаны бөлек, сүйегі бөлек” деп отырады екен. Соған қатты қарным ашады. Жиен көрсе, жау көргендей бөлектейтін адамдарды да көрдім. Бұл – ұрпақты қастерлемеу. Әйелді төмен санау – коммунистік пен диктаторлық жүйенің қалыптастырып кеткен, адамдардың санасына сіңіріп тастаған жаман идеологиясы. Әйелді төмендетуден аулақ болуымыз керек. Бір ақынның: “Әйелсіз үйде ақ аю үсіп өледі” деген өлең жолдары бар. Қандай керемет теңеу?! Мұзды мұхитта өмір сүретін аюлардың өзі әйелдің мейірімі мен жылуына мұқтаж. Осыдан артық сөз болмас?! Ислам дінінде әйелдің орнын жоғары бағалаған. Бүтін мұсылман ұғымында әйел – қастерлі сөз. Қазіргі ұл балалардың құлағына қызды сыйлау, құрмет көрсетуді құю керек. Қыздан туған баланы бөлектемей, барлық баламен тең көру керек”, – деп жауап қатты этнограф. 



Айта кетейік, белгілі этнограф бедеулікке қатысты ырым-жоралғылар туралы сыр шертті.

Еске салайық, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң екінші оқылымда мақұлданды.

Талқылау