Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелін соққыға жықты деп айыпталған БАӘ-дегі елшінің кеңесшісі қызметінен босатылды

Әйелін соққыға жықты деп айыпталған Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі қызметінен шеттетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің қызметкері Сәкен Мамашқа қатысты іс бойынша түсініктеме берді.

"6 мамырда ол Қазақстанға ұшып келді, ал 9 мамыр күні шекарадан өткеннен кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметінен босатылды. Құқық қорғау органдары оның үстінен іс қозғады. Бұл істің егжей-тегжейлері бізге беймәлім, біздің оған араласуға құқығымыз жоқ. Мен Каринамен жеке кездесіп, сөйлестім. Біз оған барынша қолдау көрсетеміз", – деді Айбек Смадияров.


"Алғашқы неке түнінен-ақ қатал болды": БАӘ-дегі елші кеңесшісінің әйелі тұрмыстағы зорлық туралы баяндап берді


Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, жыл сайын елшіліктерде жұмыс істейтін барлық қызметкер елден шыққанда арнайы комиссиядан өтеді. Сондай-ақ жуырда министрлік мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, ведомствоның барлық қызметкерінің психоэмоциялық жағдайын тексеруге арналған тағы бір бағдарлама іске қосылғанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшінің кеңесшісінің әйелі Карина Мамаш күйеуінің жүйелі түрде ұрып-соғатынын айтып, шағымданған еді. Әйел 10 жыл бойы зорлыққа шыдап келе жатқанын жеткізген. Ол өзіне және балаларына қауіп төніп тұрғанын хабарлап, Қазақстан үкіметінен көмек сұраған еді.

Астана полициясы дипломат күйеуінен зәбір көргенін айтқан қазақстандық Карина Мамаштың ісіне қатысты қылмыстық іс қозғады. 

Талқылау