Астана полициясы зорлық-зомбылық дерегіне байланысты БАӘ елшілігіндегі дипломатқа іс қозғады
Астана полициясы дипломат күйеуінен зәбір көргенін айтқан қазақстандық Карина Мамаштың ісіне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияның мәлімдеуінше, іс қозғалды.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды", – деп хабарлады Астана полициясының баспасөз қызметі.
Сыртқы істер министрлігі де жағдайға пікір білдірді.
"Біз бұл қызметкерді шұғыл түрде Қазақстанға шақырып жатырмыз. Енді оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады", – деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Еске салсақ, БАӘ-де елшінің кеңесшісінің әйелі күйеуінен 10 жылдан бері зәбір көріп келе жатқанын айтып, көмек сұраған еді. Содан кейін ол балаларымен елге қайтарылды. Ол дағдарыс орталығына орналасты.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"