Әйелін қызғанған Атырау тұрғыны қайын жұртының үйіне жасырын камера орнатқан
36 жастағы Атырау тұрғыны өзінің жуынатын бөлмесінде бейнебақылау камерасы орнатылғанын айтып, полицияға шағым түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атырау қаласының полиция департаментінің мәліметінше, бұл іске күдікті әпкесінің күйеуі болып шықты.
“Ол әйелін әпкесінің үйіне келгіштеп кеткен сіңлісінен қызғанған. Сөйтіп, жәбірленушінің жуынатын бөлмесіне камера орнатып, оны қалта қуаттағышына қосып қойған”, – деп мәлімдеді полиция.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 147 бабы (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”