Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Нарцистік мінез-құлқым барын мойындаймын": Бишімбаев пен Нүкенованың отбасылық психологқа не үшін барғаны белгілі болды

Сотта Бишімбаев Салтанат екеуінің қарым-қатынасын ретке келтіру мақсатында Юлия Герасимова есімді отбасылық кеңесшінің қабылдауына жазылғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желі мен сот кадрларынан

23 қаңтар күні Бишімбаев психолог, отбасылық кеңесші Юлия Герасимоваға хабарласып, қабылдауына жазылмақ болған. Қоңырауға жауап болмағанымен психолог сағат 11:35-ке дейін бос екенін айтқан. Келесі хат алмасу 18 сәуір күні болған. 

“Қайырлы күн! Онлайн сессияның ақшасын төлейтін мүмкіндік болмады ма? Мен Қазақстаннанмын. Өткен жылы сізбен сөйлесіп едік” деген Бишімбаевтың сұрауына психолог: “Сәлеметсіз бе! Сіз менің есімдесіз. Иә, мен жолын таптым”, – деп жауап берген. Сөйтіп маман Kaspi картасының нөмірін жібереді. 

Бишімбаев психолог маманнан жақын арада сессия өткізуге мүмкіндігі бар-жоғын сұраған. Психолог оны қабылдай алатынын жеткізген.

“Иә, сағат 11:30-да, 15 минуттан кейін өткізе аламын. Ең кеш дегенде 11:45-те қабылдай аламын”, – дейді Юлия Герасимова.

“Онда сөйтейік, менің қазір қолым бос. Қалай сөйлесе аламыз, WhatsApp па? Рубльге шаққанда қанша ақша жіберуім керек?”, – деп сұраған Бишімбаев.

“Мен тек алдын ала төлем жасалғанда ғана қабылдаймын. Қабылдау ақысы – 8 мың рубль. Zoom немесе Telegram арқылы сөйлессек болады”, – дейді психолог.

Бишімбаев төлем жасайтынын айтып, 48 мың теңге көлемінде төлем жасалғанын растайтын түбіртек жіберген. Сотталушы мен психолог 1 сағаттай сөйлескен. Кейін Қуандық Бишімбаев маманнан өзіне тағы да уақыт табуын сұраған. Ал психолог өз кезегінде Бишімбаевқа кеңес берген.

“Менің арнама жазылып алуға кеңес беремін. Мен ол жақта қарым-қатынас туралы көп айтамын. Біздің талқылап отырған тақырыпқа қатыстылары да бар. Өзара жақсы қарым-қатынаста екендеріңізге қарамастан алаңдаушылық бар екені байқалады. Сіз қарым-қатынасыңызды реттеп, өзіңізді танығыңыз келеді. Сіздің жетістігіңіз – өзіңіздің күйіңізге алаңдаушылық білдіріп, терапияға келуіңіз, жарайсыз! Тұрақты түрде психолог маманның қабылдауына жазылып, жұмыс істеңіз. “Неге мен өзімді қолайсыз сезінемін? Әйелімнің бұрынғы қарым-қатынастарын қабылдай аламын ба? Оған деген қарым-қатынасымды қалай түзесем болады?” деген сауалдар туралы ойланыңыз”, – дейді психолог Юлия Герасимова.

Бишімбаев психологпен нарциссизм тақырыбында сөйлескен. Сотталушы маманнан нарциссизмнен қалай құтылуға болатынын сұраған. 

“Нарциссизм адам өзін-өзі танытқанда және өзін, басқаларды мүлтіксіз бақылауда ұстағанда пайда болады. “Нарциссизмнен қалай құтылуға болады?”. Сіздің жетістігіңіз – сіз бұл туралы ашық айтып, мойындадыңыз. Оның үшін көп рақмет. Қалай даму керегін және мінез-құлықты қалай өзгертуге болатыны жайлы өте көп ойлайсыз. Керемет! Өзіңіздің мінсіз емес екеніңізді қабылдаңыз”, – деп кеңес берген психолог.

Бишімбаев қарым-қатынас туралы жұбайы Салтанатпен сөйлескенін айтады. Ол психологқа екеуінің хат алмасуын жібереді. Онда Бишімбаев Салтанаттың жағдайын, оның қайғысын, сезімі мен өтінішін, сондай-ақ қателеріне түсіністік танытаны туралы жазған. Ол алдағы уақытта барынша тырысатынын және Салтанаттың өзіне қайтып оралуын өтінген. 

“Мен нарцистер туралы көп оқыдым және менде де нарцистік мінез-құлық барын мойындаймын. Мұны жеңе алатыныма сенемін. Ол туралы зерттей бастадым”, – деген Бишімбаев.
Талқылау