"Әйелі шағым түсірмеген": Өзбекстанда той үстінде қалыңдығын ұрып жіберген азамат жазаға тартылмады
Өзбекстанда той үстінде өз қалыңдығын ұрып жіберген күйеу жігіт туралы ұмыта қойған жоқ боларсыздар? Көпшіліктің сынына қалған азаматты сот жазасыз қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Газета.uz сайтына сілтеме жасап.
Дереккөз Газета.uz
Әкімшілік іс "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша қаралған. Сот таяқ жеген әйелдің шағымдары мен қарсы мәлімдемелері болмауына байланысты жаза қолданбаған.
Ер адам кешірім сұрап, мұндай әрекетті қайталамайтынын айтып уәде берген.
"Өз өзімді ұстай алмай, қолыма ие бола алмай қалдым. Түсінбеушіліктен кейін де той жалғасты. Мен қалыңдығымнан кешірім сұрадым. Енді мұндай қайталанбайды", - деді күйеу жігіт.
Басылым Meaning yurtim арнасының телесюжетіне сілтеме жасап, жас жұптың бір жыл бұрын отау құрғанын жазады. Жас жұбайлар некеге тұруға 10 мамырда өтініш беріп, бірақ неке туралы куәлікті тек 15 маусымда - үйлену тойынан 9 күн өткен соң алған.
- Үйлену тойында күйеу жігіт қалыңдығының басынан ұрған: Желіде қызу талқыланған видеоның мән-жайы белгілі болды
- Қыз алып қашқандар 4-7 жылға сотталады - Бас прокуратура
- "Қандай ақымақ 200 мың теңгені жағып жібереді?": Желіде бір бума ақшаны қоқыс жәшігіне жаққан тиктокерлер ел наразылығын тудырды
Көпшіліктің талқысына түскен видеода қалыңдықты сахнадан алып кеткен әйелдің анасы телеарнаға берген сұхбатында күйеуінің туыстарынан кешірім сұрағаннан кейін үйлену тойы жалғасқанын айтқан.
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде Өзбекстандағы үйлену тойының үстінде байқауда жеңіп кеткен әйелін ұрған ер адам туралы видео таралған еді. Бейнежазба тек Өзбекстанда ғана емес, әлемдік БАҚ-та үлкен резонанс тудырған.

Алматыда күзетші мейрамханаға келген қызды сүйреп шығарып жіберген: Көпшілік ресторанға бойкот жариялады
