Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелі неке жүзігінен таныды: Акуланың асқазанынан жоғалып кеткен туристің қолы табылды

Францияның Реюньон аралының жағалауында аулап алынған акуланың асқазанынан адамның қолы шықты. Қолдағы неке жүзігінен оның кімге тиесілі екені анықталды.

Әйелі неке жүзігінен таныды: Акуланың асқазанынан жоғалып кеткен туристің қолы табылды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Турист Верити Тернер акуланың асқазанынан шыққан қолдағы неке жүзігі арқылы оның өзінің күйеуіне тиесілі екенін анықтады. Күйеуі 2 қарашада жоғалып кеткен екен.

Шотландиялық ерлі-зайыпты мұнда Веритидің 40 жасқа толғанын атап өту үшін келген. Оның күйеуі Ричард Мартин суға түсуге кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. 

Верити күйеуін табу үшін құтқарушыларды шақырыпты. Алайда іздестіру жұмыстары нәтиже бермеген. Тек арада бірнеше күн өткеннен кейін адамдар жағалауға жақын маңнан жолбарыс акуланы байқапты.

Артынша акуланы аулап алып, асқазанынан 44 жастағы Ричард Мартиннің қолын алып шықты. 

Шетелдік БАҚ ер адамның суда көз жұмып, артынша оны акула жеп қойғаны немесе жыртқыштың оған тірі кезінде шабуыл жасағаны әзірге белгісіз деп жазады.


Акула туралы 20 мәлімет

Талқылау