Әйелі кешкі асқа екі қызанақ қосқаны үшін күйеуін тастап кеткен
Үндістанда күйеуі екі қызанақпен кешкі ас әзірлегені үшін әйелі қызын алып, үйінен кетіп қалған. Бұл жағдайға басты себеп қызанақ бағасының қымбаттауы болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі weekend.rambler.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Шандол қаласындағы асхананың қожайыны Сандип Бурман журналистерге рұқсатсыз тамақты екі қызанақ қосып дайындағаны үшін әйелі қатты ренжіп, кетіп қалғанын айтты.
Өзімен ақылдаспағанына қынжылған әйел кәмелетке толмаған қызымен бірге үйден шығып, ер адамды тастап кеткен. Бурман оларды табуға тырысқан. Бірақ таба алмай полицияға хабарласқан.
Полиция Бирманның әйелі Аарти Бурманды табуға өтініш бергенін растады. Әйел Умария қаласындағы әпкесінің үйінен табылған. Полиция сондай-ақ ерлі-зайыптыларды сөйлесуге көндіре алғанын айтты. Олардың мәліметінше, Аарти Бурман үйіне қайтуға уәде берген.
Жанжалға қызанақ бағасының өсуі басты себеп болған. Мұнда ұзақ жауған жаңбырдан кейін егін шықпай қалғандықтан қызанақ қымбаттаған.
Талқылау

"Сиыр етінің келісі 6000 теңгеге жетті": Қазақстанда ет бағасының өсуіне не себеп болды
Кейінгі кезде сиыр етінің келісі 6 мың теңгеге жеткені туралы сөздер халық наразылығын тудырды.

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
Жетіген тұрғындары қала мәртебесіне үмітпен қарағанымен, шешімін күткен түйткілдер әлі де аз емес