Әйелі билетті қоқысқа тастай салған: Ер адам концертке бару үшін тонналаған қоқысты қопарған
Қытайдың Шанхай қаласының тұрғыны пошта арқылы тайваньдық-америкалық әнші Уилбер Панның концертіне билет алған. Алайда ол аңдаусызда конвертті қоқысқа тастай салыпты. Салдарынан күйеуіне билетті табу үшін тонналаған қоқысты қопаруға тура келген.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AsiaOne басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әйелдің айтуынша, ол конверттің ішіндегі қағазды қажетсіз түбіртек деп ойлап, қоқыс шелегіне тастай салған. Тек ертесі күні ғана оның ішінде күйеуі күтіп жүрген билеттер болғанын түсінеді.
Шанхайда қоқысты құрғақ, дымқыл және екінші өңдеуге жарамды деп бөледі. Оны жинаудың алдында қалдықтар 2-3 күн шамасында арнайы контейнерлерде сақталады.
Ер адам қоқыс жинаушылардың көмегіне сүйеніп, 3 тонна құрғақ қоқысты қопарған. Осылайша, ол сүйікті әншісінің концертіне алған билетін тауыпты.
Әйелінің сөзінше, отбасындағылар қоқысты сұрыптап салуды әдетке айналдырған. Күйеуінің билетті табуына дәл осы жайт септігін тигізді деп санайды ол.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"