Әйелге жақында трансплатанцияланған шошқаның бауырын дәрігерлер алып тастады
АҚШ-та дәрігерлер әйелден шошқаның бауырын тастау үшін ота жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі WIRED басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: wired.com
Лиза Пизаноға шошқаның бауыры 2 ай бұрын салынған. Бауыр жетіспеушілігіне шалдыққан әйелге тағы механикалық кардионасос орнату керек болған. Дәрігерлердің сөзінше, ота бауыр қызметіне байланысты емес, кардионасос үшін алып тасталған.
Отаға дейін Пизаноға тұрақты диализ қажет болған. Бірнеше дертіне байланысты дәрігерлер оған жүрек пен бауыр трансплатациясын жасай алмаған. Сондықтан 4 сәуірде кардионасос, 12 сәуірде шошқаның бауырын салыпты.
Пизано үнемі иммунодепрессант дәрілер ішіп жүрген, себебі донорлық ағзаны иммундық жүйе қабылдамауы мүмкін екен. Соңғы мәліметтерге сәйкес жақында жүргізілген биопсия қан айналымының бұзылуына байланысты бауырдың бүлінгенін анықтаған.
Енді дәрігерлер алынған шошқаның бауырын зерттеп көрмек.