Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйелдің көзін көгертпесе, тауар сата алмайды": Коуч Роза Әшірбаева жиһаз жарнамасына шүйлікті

Отандық өнім шығаратын жиһаз зауытының жарнамасы қоғамда дау тудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Жарнаманың қысқаша мазмұны былай: ерлі-зайыпты жиһаз таңдамақ болып, дүкенге келеді. Әйелі отандық өнімді қолдаса, күйеуі шетелден қарайық деп бой бермейді. Келіспеушіліктің соңы күйеуінің әйеліне қол көтеруімен аяқталады.

Белгілі коуч-эксперт Роза Әшірбаева сәтсіз жарнамаға шүйлігіп, бұл жиһаздарды сапасыз тауарға теңеді. 

“Тауарларының нашарлығы сонша, әйелдің көзін көгертпесе сата алмайтын болып тұр ғой. Өте төмен дәрежедегі тауарға өте төмен дәрежедегі жарнама лайық. Бизнес басшысы өтірікші болса, тауары да сапасыз деген сөз. Біз әйелді сыйлаймыз деп қойып, әйелдің көзін көгертіп, келемеждеп жарнама түсіріп мәзсіз. Қай көзбен қарасаң да, зорлық ол – зорлық. Көзіңді бақырайтып қойып, ақты қара деп, қараны ақ деу – өтірікшінің ісі”, – деп ашуланды коуч. 



Одан кейін қоғам белсендісі Әйгерім Құсайынқызы да ролик түсіргендерді заң алдында жауапқа тарту керек екенін айтты. 

“Жарнамаларыңызды прокуратураға жібердім. Зорлықты насихаттайтын жарнама заңға қайшы. Көзі көгерген әйелге күлетін “Шаншар” мен “Алдараспан” заманы келмеске кеткен. Қазір заң бар! Осы үшін жауап бересіздер! Зорлықты ашық насихаттау!”, – деп жазды Әйгерім.

Мекеме басшысы желіде дау туғызған видеоға қатысты пікір білдірді. 

“Роза ханым, бұл видео әзіл ретінде түсіріліп тұр, бірақ сонда да біздің өнімді төмен дәрежеде дегеніңіз болмады. Отандық өнімді дамытайық, Қазақстанның экономикасын көтерейік деп жұмыс істеп жатырмыз. Мекенжайыңызды айтсаңыз, сыйлыққа бір орындық жіберейік. Отандық өнімнің сапасын көріп, қуанып қаласыз”, – деп жазды кәсіпкер. 

 

Талқылау