Әйелді таптап өлтірген піл оның жаназасында денесіне қайта шабуылдаған
Үндістанның шығысындағы Одиша штатында 70 жастағы Майя Мурму есімді әйелді піл таптап өлтіріп, жерлеу рәсімі кезінде оның денесіне шабуыл жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, жануар көрші штатта орналасқан Далма жабайы табиғат қорығынан қашып кеткен. Мурму құдықтан су алып жатқанда, оған піл жүгіріп келді. Піл әйелді таптап кеткен, ол алған жарақаттарынан жақын маңдағы ауруханада көз жұмды.
Жерлеу кезінде Мурму отбасы діни рәсімдерді орындады. Кейін дәл жаназа отын жағу алдында піл қайтадан пайда болған. Ол мәйітті аспанға лақтырып, қаша жөнелген. Осыдан кейін отбасы жерлеу рәсімін жалғастырды. Ал піл қайта оралмаған.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен