Әйелдер мен жастар үшін жаңа мүмкіндік: ЕҚҚДБ мен KMF 25 миллион долларлық келісімге қол қойды
15 мамырда Ереванда Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) тұрақты даму жөніндегі 33-жыл сайынғы кездесуі мен бизнес-форумында ЕҚҚДБ мен KMF арасында 2 келісім жасалды.

Осы келісімдер шеңберінде 25 миллион доллар көлеміндегі қаражат кәсіпкер әйелдер мен жастардың кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруға бағытталатын болады.
"Еуропа қайта құру және даму банкімен келісім біздің ұзақ мерзімді ынтымақтастығымызды растайды және кәсіпкер әйелдер мен жастардың кәсіпкерлік жобаларын қолдау мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл қаражат бізге экономиканың дамуына және барлығына тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған миссиямызды жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосуға мүмкіндік береді. Біз ЕҚҚДБ-мен жасалып жатқан ынтымақтастығымыз ұжымдық құндылықтарымыз бен тұрақты даму стратегияларымызға толық сәйкес келетінін мақтан тұтамыз. Бұл бізге тұрғындардың негізгі топтарының экономикалық жағдайын нығайтып қана қоймай, неғұрлым берік және инклюзивті қоғам құруға ықпал етеді", - деп атап өтті KMF Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Келісімдер ЕҚҚДБ әзірлеген "Бизнестегі әйелдер" және "Бизнестегі жастар" бағдарламалары шеңберінде жасалды. Екі бағдарлама да әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастар басқаратын немесе оларға тиесілі микро, шағын және орта кәсіпкерлікке көмектесу мақсатында жасалған.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады
Ата-аналар сотта наркоздың зияны жоқ екенін реаниматолог пен анестезиолог алдын ала айтты дейді
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды