"Еркектер сөзінде тұрмайтын, тұрақсыз, еріншек болып кеткен": Белгілі актриса қоғамдағы өзгеріс туралы
Белгілі актриса қоғамдағы өзгеріс туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұрсұлтан Құрманның арнасына сілтеме жасап.

"Көп кездесулерге барамыз. Ер адамдармен жұмыс жасағанға қарағанда, әйелдермен жұмыс істеген жеңілірек. Қолыңды қысасың, ертең осы нәрселерді жасаймыз дейміз де келісеміз. Олар айтқанын бұлжытпай жасайды", - дейді Айнұр Ілиясова.
Ал соңғы уақыттары ер адамдардың бойынан көретін қасиеттерді әйелдерден көретін болып кеттім дейді ол. Өнер иесі осылайша ағынан жарылды.
"Еркектер көбінесе "Ертең, мүмкін содан кейін, жасай алмаймын, кейін көрейік" деген әңгіме айтады. Олармен жұмыс істеген қиындау. Ал әйелдер қазір еркек сияқты. Айта ма істейді", - дейді актриса Айнұр Ілиясова.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді