Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдер арасындағы сұлулық байқауына қатысқан алматылық жігіт Comedy Club сахнасына шықты

Желіде ресейлік Comedy Club шоуының алматылық Илай Дягилев қатысқан санының видеосы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Илай Дягилев

Айта кетсек, Илай Дягилев әйелдер арасындағы сұлулық байқауына қатысып, ақтық кезеңіне өткен еді. Артынша ол өзінің ер адам екенін мойындап, байқаудан шеттетілді.

Алматылық жігіттің сөзінше, оған наурыз айында комедиялық шоу ұйымдасытрушыларынан ұсыныс түскен.

Ресейлік әзіл-сықақшылар Павел Воля мен Гарик Харламов аталған кешті алматылық Илай Дягилевтен бастады.

Sputnik Қазақстан мәлімдеуінше, Илай аталған шоуға қатысу туралы ұзақ ойланған.

«Мен шоуға қатысу туралы көп ойландым. Ол жерде қатты мұқататынын түсіндім. Әр сұрақтың өз құйтырқылығы болды. Мен бұл процеске квест ретінде қарадым. Қатты қобалжыдым. Нәтижесінде өзім де риза болдым», – дейді Илай.

Дягилевтің сөзінше, ол видео астындағы пікірлердің  көбін оқып шыққан.

«Мен түсірілімге қатысқаныма өкінбеймін. Бұл жақсы көрсеткіш. Себебі оған қатысуды көбі армандайды. Видео шыққаннан кейін өзіме сырт көбен қарап, нені түзеуім керек екенін түсіндім», – дейді ол.

Қазіргі уақытта Илай Дягилев екі мемлекетт жұмыс істеуде. Ресейде сәнгер Геннадий Горбачевпен жұмыс істесе, Қазақстанда бірнеше жобаны іске асып жатыр. Алдағы уақытта көрермендер Илайды жаңа қырынан көруі де мүмкін.

Сонымен қатар алматылық жігіт «Арина Алиеваның ісін» (Илай әйелдер арасындағы сұлулық байқауына қатысу үшін пайдаланған ойдан құрастырылған бойжеткен) жалғастыратып, адамдардың сырт келбеті туралы қоғамда қалыптасқан пікірді өзгерткісі келетінін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

«ВКонтакте» желісінде аудио және видео қоңырау шалу мүмкіндіктері пайда болды

Павлодарда 5-сынып оқушылары 2 минутта құймақ пісіріп беретін робот құрастырды

Белгілі тележүргізуші: Бала туып алу туралы ойланып жүрмін

Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен КТК арнасының операторы үйіне оралды

Талқылау