Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел үш аптада екі рет жүкті болды

Англияда әйел үш аптада екі рет жүкті болып, егіздерді дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жүктіліктің бесінші аптасында дәрігерлер 30 жастағы Габриелла Кристмасты ультрадыбыстық зерттеу кезінде ұрықтың жанында кішкене көлеңке байқады. Жеті аптадан соң бұл үш апта кейін жатырда пайда болған ұрық екені белгілі болды. 

Дәрігерлер Габриеллада әйелдердің 0,3 пайызында кездесетін сирек кездесетін аномалия - суперфетация - егіз жүктілік болғанын түсіндірді.



Балалар 2018 жылдың шілде айында кесар тілігі арқылы дүниеге келді. Үлкен ағасы Эдуардо 2,8 келі, ал кішісі Эзра 1,98 килограмм салмақпен туды. Әйел екінші бала мерзімінен бұрын туылғандықтан, оны жансақтау бөлімінде күтіп-бағу керек болады деп алаңдады, бірақ қыздың денсаулығы қалыпты болды.

"Олар егіздер, өйткені олар бір күнде дүниеге келді және олардың ата-аналары бір, бірақ бір уақытта екі жүктілік болды", - деді Габриелла Кристмас.

Әйел балаларға әртүрлі өлшемдегі киім сатып алу керек екенін айтты, өйткені олардың бойлары әртүрлі. Осыған байланысты адамдар бүлдіршіндердің егіз екеніне сенбейді.

"Олар жүз пайыз егіз, өйткені олардың арасында күшті байланыс бар, бірақ олар мүлдем өзгеше. Эдуардо сабырлы және креативті, ал Эзра бұзық және бәрін бұзғанды ұнатады", — деді Критмас.

Талқылау