Әйел семсер-балық дәл жүрегіне соғылған соң жан тапсырды
Индонезияда италиялық серферші қыз семсер-балықпен соқтығысқан соң көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Il Messagero басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: @giuliamanfrini
36 жастағы Манфрини 19 қазанда Пулау Масокут аралында серфингпен шұғылданып жүрген. Кенет судан секіріп шыққан семсер-балық әйелге соғылып, үшкір тұмсығы дәл жүрегіне қадалған.
Серферші тек достарын шақырып үлгерген. Олар алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған екен. Алайда Манфрини ауруханада жан тапсырды. Қазіргі таңда оның мәйітін Италияға жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.
Манфрини Италияның Венария-Реале қаласында 1988 жылы туған. Бірнеше жыл бұрын Португалияға көшіп кеткен екен. Кәсіби заңгер қызметін ұсынып, шаңғы және сноуборд, серфингтен жаттықтырушы болған.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"