Әйел өзінен 21 жас кіші жігітке тұрмысқа шығып, жақын құрбысынан айырылды
Канадалық әйел достарының қарсылығына қарамай өзінен 21 жас кіші тунистік жігітпен отау құрды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: The sun
2017 жылы Коллин күйеуімен ажырасып, тунистік Хайтем Хаммамимен желіде сөйлесе бастаған. Әйелдің айтуынша, ол алғашында Хайтемді жиголо деп ойлаған. Алайда кейін олай емес екенін түсінген. Ол 32 жастағы жігітке 53 жаста екенін бірден ескерткен. Алайда олардың жас айырмашылығы жігіт үшін маңызды болмаған.
Бірнеше айлық күнделікті әңгімеден кейін екеуі бір-біріне сезімдерін білдірген. Үлкен ұлы Хайтем алаяқ болып шыға ма деп алаңдаған. Ол анасының ғашығымен телефон арқылы сөйлескен кезде ойын өзгерткен.
Осыған қарамастан, Коллиннің кіші ұлы оның Хайтеммен қарым-қатынасына қарсы тұруды жалғастырған. Анасының мектеп кезінен келе жатқан құрбысы Хайтемге тек ақша керек екенін айтқан. Коллин осы сөзден кейін құрбысымен қарым-қатынасын үзген.
2018 жылы Коллин Туниске келіп, серіктесінің ата-анасымен кездесті. Бір жылдан кейін олар сонда үйленді. Әйелдің екі ұлы да батасын бергенімен, Коллиннің туыстары мен достары қалмады. Коллиннің үйлену күні оған мектептен бір досы қоңырау шалып, оны Хайтемге қарсы қоюға тырысты.
"Мен оның пікіріне мұқтаж емеспін дедім. Содан достығымыз бұзылды", - деді Коллин.
Үйленгеннен кейін әйел Канадаға оралды. Ол қазір Хайтемге ерлі-зайыптылардың визасын алуға тырысып жатыр. Ерлі-зайыптылар болашақты бірге жоспарлап, тіпті бала асырап алуды да ойлап жүр. Коллиннің айтуынша, ол Хайтеммен қарым-қатынасы кезінде көптеген достарынан айырылған.
"Бірақ біздің байланысымыз бәрінен де маңызды. Бастысы мен оны жақсы көремін", - деді ол.