Әйел өзін зорлаған еркектің жыныс мүшесін кесіп тастаған
Испания тұрғыны өзіне зорлық көрсеткен адамның жыныс мүшесін кесіп тастаған. Әйелді полиция ұстады, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Барселона маңындағы бардың қызметкері полиция бөлімшесіне келіп, бастығы бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылық істегенін жайып салған. Оның айтуынша, алғаш рет өзін қорғауға шешім қабылдап, пышақты алып, бастығының жыныс мүшесін жартылай кесіп тастаған.
Полиция әйелді ұстады, сондай-ақ зардап шеккен ер адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, оған тергеу жүргізіледі. Дәрігерлер ер адамның жыныс мүшесін қалпына келтіре алды ма белгісіз.
Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, зорлаушы да, оның құрбаны да Бангладештен шыққан.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"