Әйел немерелерін баққаны үшін ақша алып, 15 миллион теңге пайда тапқан
Англияда 65 жастағы Кэролайн Даддридж немерелерін баққанына ақша алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
65 жастағы Кэролайн немересі болған кезде оны алғашында тегін қараған. Біраз уақыттан кейін қызы екінші баласын дүниеге әкелді. Сол үшін әйелдің жұмысы артып, ол еңбегіне ақша аламын деп шешкен.
Айтуынша, қызы ренжіп, оны “өзімшіл” деп айыптаған.
"Иә, мені өзімшіл деп аяусыз айыптады. Бірақ мен немерелеріммен неге тегін отыруым керек?", – деді Кэролайн.
Әйел енді күтуші болып 10 жыл жұмыс істеп, 30 мың доллар (14 миллион 860 мың теңге) жинаған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"