"Әйел көп еркекпен қосылса, инфекция таратады": Желіде блогердің пікір айтқан видеосы қоғамда дау тудырды
Блогер Жанәділ Райымбековтың жыныстық инфекцияның таралуы туралы пікірі қызу талқыланып жатыр. Ол әйел адам бірнеше еркекпен қосылса, міндетті түрде инфекция пайда болатынын, ал көп әйелі бар еркек өзінің әйелдерімен қосылса, ол инфекция таратпайтынын айтады. Алайда оның пікіріне оқырмандар қарсы шығып, наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеокадрдан скриншот жасалған
Жанәділ Райымбеков жыныстық қатынас жолымен инфекция қалай жұғатынын айтқан.
"Әйел адам көп еркекпен қосылса, ол міндетті түрде инфекция таратады. Көп әйелі бар еркек өзінің көп әйелімен қосылса, ол ешқашан таратпайды екен. Ол ғылыми дәлелденген. Ал енді инфекция қайдан келеді дейтін болсаңыз, әйел бөтен еркекпен қосылса, инфекция келеді. Бөтен еркек әйелге қосылды ма бірден инфекция таралады. Шариғатта ажырасқан әйел төрт ай ажырасатын күйеуімен бірге тұруы керек, аяғы ауыр болып қалса, баланың кімнен екенін білу үшін және әйел бірінші күйеуімен қарым-қатынасынан тазару үшін", –дейді ол.
Алайда оқырмандар оның пікірін теріске шығарып, наразы болды.
"Гинеколог ретінде айтам, сіз дезинформация бермеңіз! Гинекологтар мен урологтар қосылып сотқа беру керек!", "Көзіме уже инфекция болып көрініп тұрсың!", "Ағатай, сөзіңіз соңына дейін бітпеді ме? Әлде инфекция тарататын тек әйелдер болды ма? Сол инфекцияны таза әйеліне жұқтыратын нәпсісін тия алмаған еркектер деген сөз сыймай қалды, иә?", "Ертең бір топас осы айтқандарыңызды естіп алып, венерологрялық ауру жұқтырып алса, сау отқан әйелінен көріп, сен біреумен қосылып жүрсің, мен ауру таратпаймын сен таратасың деп әйеліне жала жауып ұрып соғып жатса, мойныңызға аласыз ба бәрін? Онсызда қараңғы халықты одан сайын адастырмай, нақты айналысып жүрген, толыққанды білетін нәрсеңізді ғана айтсаңызшы", – деп жазды желі қолданушылары.
Еске салайық, Алматыдағы Grand Park ойын-сауық орталығындағы "Тоқалыңа шамадан ал" деген жарнамалық ролик мегаполис тұрғындарының ашуын тудырғанын жаздық. Шаһар әкімдігі ойын-сауық орталығы оғаш видеоролик үшін жазаланатынын мәлімдеді.