Әйелдің ит деп асырап жүрген үй жануары қауіпті, сирек кездесетін аю болып шыққан
Қытай тұрғыны Су Юнь күшік сатып алған, алайда екі жылдан кейін оның ит емес, сирек кездесетін азиялық қара аю екені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror басылымына сілтеме беріп.
Әйел "итті" демалыста жүргенде сатып алған, оны тибеттік мастиф күшігі деп ойлаған.
Отбасы үй жануарымен екі жыл өмір сүрген және осы уақытта әйел оның “біртүрлі” екенін байқаған. Ол өте көп тамақ жей бастаған. Жануардың иесі “иті” салмағы жүз келіден асса да, артқы аяққа тұрып, жүре бастағанда уайымдай бастаған.
Юнь мамандарға хабарласқанда олар әйелге үй жануарының ит емес, түрі жойылып бара жатқан азиялық қара аю екенін түсіндірді.
Жануар жабайы табиғатты қорғау орталығына жеткізілді, онда оны табиғи жағдайда өмір сүруге үйретеді.
Басылым азиялық қара аюларды аулау ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқанын атап өтті. Қара нарықта жануар бірнеше мың доллар тұрады. Бұл аюдың басты құндылығы – дәстүрлі қытай медицинасында қолданылатын өті. Оны алу үшін жануарларды қинап ұстап, олар тірі кезде өтін ағызып жібереді. Қытайда жануарлардың өтін алу заңсыз емес.