Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел екі басы мен үш қолы бар cәбиді дүниеге әкелді

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатындағы Ярра қаласының тұрғыны екі басы, үш қолы және қос омыртқасы бар баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Times New News порталына сілтеме жасап. 

Әйел облыс орталығындағы Ратлам қаласының ауруханаларының бірінде босанған. Салмағы үш келі болатын жаңа туған нәрестенің екі омыртқасы және бір асқазаны бар. Баланы емдеумен айналысатын дәрігер Бражеш Лахти бұл жағдай медицина тұрғысынан өте күрделі екенін айтты.

Лахути бұл ерлі-зайыптылардың тұңғышы екенін атап өтті.

"Бұрын ультрадыбыстық зерттеу нәтижелері әйелдің егіздерді күтіп жүргенін көрсеткен. Бұл – сирек кездесетін жағдай, баланың ұзақ өмір сүруі екіталай", — деді Лахоти.

Ол баланың мұндай жағдайы "дицефалиялық парапаг" деп аталатынын түсіндірді. Яғни егіздердің дамуы кезінде ауытқушылық туындап, баланың бір денеде екі басы болады. Көптеген “дицефалиялық парапагтар” өлі болып туады немесе босанғаннан кейін көп ұзамай қайтыс болады. Тек кейбіреулері ғана ересек жасқа дейін өмір сүреді. 

Сәби аурухананың педиатрия бөлімінің реанимациясына жатқызылды. Баланың жағдайы ауыр деп бағаланған.

Талқылау