Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел әжетханада босанып, баласын кәріз тесігіне құлатып алған

Желіде өзбекстандық әйелдің әжетханада босанып қалып, баласын түсіріп алғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде Өзбекстандағы Самарқан облысының Нұрабад ауданында жаңа туған нәресте медициналық мекеменің әжетханасының тесігіне құлап кеткені туралы ақпарат тарады. Ресми органдар бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, дәретханада кенеттен әйелдің толғағы келген. Ол есін жоғалтып, нәрестені ұстай алмай қалған. Сөйтіп сәби кәрізге құлап кеткен.



Төтенше жағдайлар қызметі келгенше, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері көмекке келді. Олар шұңқыр қазып, бір сағаттан кейін баланы алып шықты. Ол дереу дәрігерлерге тапсырылды. Куәгерлердің айтуынша, бала аман қалған.

Еске салсақ, бұған дейін Түркияның Анталия қаласында 18 жастағы ресейлік қыз әуежайда босанып, сәбиін дәретханаға тастап кеткені туралы жазған едік. 

Талқылау