Әйел адам өзінің жерлеу рәсімінде оянып кетті
Үндістанның Карнатка штатында дәрігерлер көз жұмды деп айтқан әйел кенеттен оянып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

55 жастағы Малати Чаугули Бегаум қаласындағы жекеменшік ауруханаға дене қызуы қатты көтерілгендіктен түскен көрінеді. Артынша ол ес-түсін жоғалтып алған. Оны оята алмаған дәрігерлер әйелді өлді деп айтқан.
Чаугидің туыстары дәрігерлерге ем ақысын төлеп, әйелді өзінің туған ауылына алып барып, жерлемекші болған. Сол күні кешкісін оның денесін жақындары жиналған үйдің сыртына шығарып қойыпты. Олар абыр-сабыр болып, жерлеуге дайндалып жүргенде 55 жастағы үндістандық азаматша оянып кетіпті.
Жерлеу рәсіміне келгендердің біреуі әйелдің комаға түскендігін болжапты. Кейбіреулері оны о дүниеден біреу қайтарды деп мәз болысып жатыпты.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”