Әйел 20 жыл бойы елеспен жыныстық қатынасқа түсіп келгенін мәлімдеді
Колумбиялық Паола Флорес есімді әйел 20 жыл бойы елеспен жыныстық қатынасқа түскенін және оның азу тістері мен жүзі гаргойлға ұқсас түрін көргенде ғана тоқтатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі dailymail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: dailymail.co.uk
Колумбия тұрғыны жергілікті арналардың бірінде Паола Флорес оның жынмен қарым-қатынасы кішкентай кезінен басталғанын және ол ұйықтап жатқанда әр түнде пері кейпінде оған келетінін айтты.
Әйелдің сөзінше, барлық іс-әрекетті жасауға елестің өзі итермелеген екен. Бұдан кейін ол харизмасы бар елеске ғашық болғанын, тіпті онымен 20 жыл бойы өліп-өшіп жыныстық қатынасқа түскенін айтып берді.
"Бір түні жатқан кезімде, аяғымнан кеудеме қарай қол қозғалғанын сезіндім. Біртүрлі болып, қорқып кеттім. Сол кезден бастап ол менімен жыныстық қатынасқа түсу үшін маған елес секілді еніп келе бастады", – деді Паола Флорес.
Паула өзін 20 жыл бойы елес ғашығының сүйікті серіктесі деп есептеп келген. Алайда күндердің бір күні ол елестің жүзін көріп шошып оянады.
"Ол өте үлкен адам еді. Бірақ мен оны көрген күні оның азу тістері бар және бет-әлпеті гаргульяға ұқсайды”, – деді әйел.
Әйел оның қорқынышты жүзін көргеннен кейін қорқып кеткенін айтып, перімен қарым-қатынасын тоқтатуға бел буады. Психолог Мартиза Монтеалегре әйелдің бұл әрекеті көп адамда кездесе бермейтінін айтады.
"Пауланың ісі көп адамда кездесе бермейді. Шынында, жындардың істері оқшауланған", – деді психолог.
Дегенмен парапсихолог Джайро Урбекс оның өмір тарихын сенімді деп санайды және ол "инкубуспен" қарым-қатынаста болуы мүмкін екенін айтты. Психолог "инкубус" жын деген мағынаны білдіретінін, ол төменгі астралды тіршілік иесі екенін қосып өтті.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте ер адам асырап алған балаларына жын шығаруды үйреткенін жазған едік. Бір отбасынан шыққан асыранды балалар қайта балалар үйіне жіберілді. Асырап алған әкесі балаларының денесін жарақаттап, тамақ бермей, азаптағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Жетім балалардың мұндай өміріне қамқоршылық органдары көз жұма қарағаны көңілге күдік ұялатады. Іске қатысты әлі тергеу аяқталмады.