Айдана Меденова күйеуін ерекше клипке түсірді
Айдана Меденова ұзақ уақыттық үзілістен кейін жаңа бейнебаянның тұсауын кесті. Клип "Сол бір кеш" атты туындыға түсірілген. Әдетте бөгде ер адамдармен бір сахнаға түсетін сылқым бұл жолы өзінің өмірлік серігімен бой көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әннің ырғағы мен әуені, Айдананың харизмасы мен хореографиясы көпшіліктің көңілінен шықты. Жұрт бейнебаянның ерекше шыққанын атап өтіп, жоғары бағасын берді.
"Айдана – сондай мінсіз, ерекше әйел. Барлығымызға осындай әйел, ана, әнші, әртіс болу бұйырса ғой", "Керемет клип, өте сұлусыз. Клиптеріңіз ерекше", "Құдай әйел, Қазақстан эстрадасындағы ең сүйікті әншілерімнің бірі", "Сұлулық пен биязылықтың символы", – деп пікір білдірді желі қолданушылары.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"