Айдана Меденова кинода хиджабтағы әйелдің рөлін сомдаудан бас тартты
Өнерден кетіп, дінге бет бұрған Айдана Меденова өзіне киноға түсуге ұсыныс түскенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/aidanamedenova_officialpage
Айдана Меденова әлеуметтік желіде оқырманмен шағын сауалнама жүргізді. Бұрынғы әншінің тыңдарманы Айдананың өнерден кеткеніне әлі де сене алар емес.
Оқырманның: “Неге киноға түспейсің?” деген сұрағына Айдана Меденова: “Түскім келмейді. Айтпақшы, жақында орамалмен түсетін рөл ұсынд, бірақ бас тарттым”, –деп жауап берді.
Желі қолданушылардың арасында Айдана Меденова ернін үлкейткен деп ойлайтындар жоқ емес. Олар да экс-әншінің назарынан тыс қалған жоқ.
“Ернімді қалпына келтіретіндей ештеңе еккен жоқпын. Үлкейткен күннің өзінде осы уақытқа дейін алып тастар едім. Көпшілік мені “жасанды” деп айтып жүретін. Қазір макяж жасамаған соң ба, олай айтуды қойды. Мен адамдардың тұрақсыз пікірлеріне үйреніп кеткенмін”, – дейді Айдана Меденова.
Айта кетейік, бұған дейін Айдана Меденова әншілікті тастағанымен қоймай, музыка тыңдауды қойғанын айтқан болатын.