Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдана Меденова: Ата-енеме сәлем салмаймын, ондай жанұя емес

Бүгінде екі баланың анасы атанған Айдана Меденова декреттік демалыста ұзақ отырған жоқ. Балаларды сеніп тапсыратын ата-енесі әрі көмекшісі болғандықтан, тез арада жұмысқа қосылды. Сондықтан болар бүгінде ол ата-енесімен бірге тұрғысы келеді. 

Айдана Меденова

Бұл туралы Stan.kz 7-арнаның "Гу-гу-лет" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Балаларсыз баратын жерлерге ыңғайсыздау. Жұмыспен болғанда балаларымды ата-енеме қалдырып кетемін. Көмекшім, күйеуім бар. Қызым барлық жерде менімен жүре алады. Тентек емес, тыныш отыр десең, отырады", - дейді Айдана.

Меденова ата-енесінен бөлек тұрады. Алайда ол кісілердің жиі келіп тұратыны соншалық, бірге тұрамыз деп айтуға да келеді, дейді әнші. 

"Бірге тұрамыз деп айтуға болады. Күнде келіп тұрады біздің үйге. Бұйырса, өзіміз де бірге тұрғымыз келеді. Ол үшін барлық амалдарды жасаймыз. Үлкен үй алып деген сияқты", - дейді Айдана.

Бұдан өзге, Меденова қайын жұртында анау айтқан ұстанымдар жоқ екенін атап өтті. Сөзіне қарағанда, ата-енесі салт-дәстүрді қатаң ұстанатын жандардың қатарынан емес. 

"Сәлем салмаймын. Бірінші беташар болғанда ғана салған шығармын. Жалпы ондай жанұя емес, салт-дәстүрлер, қатал заңдар бар деп айта алмаймын. Өзімнің де жанұямда келіндер ешқашан сәлем салмаған. Семей өңіріненмін. Семейліктер біледі, бұл келін, кіре берісте отыру керек, дастарханда отырмау керек деген заңдар жоқ. Бір-бірімізді сыйлап жүреміз", - дейді Айдана. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау