Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяз келеді: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады

Қазгидромет синоптиктер 26-28 қазан аралығына арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын түседі, жел күшейіп, көктайғақ болады, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсуі мүмкін", – делінген болжамда.

Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 3-12-ден 5-15-ке дейін жылы, солтүстік-батыста түнде ауа температурасы 0-5 аралығында төмендейді.

Оңтүстікке келсек, ауа температурасы 10-нан 5-13-ке дейін, республиканың солтүстігінде 2-7 жылудан 2...7 аязға дейін, күндіз 2-15 пен 0-5 жылу аралығында болады. 

Қазақстанның орталығында түнде -3...+5-тен -7...+ 3 дейін төмендейді, күндіз 8-16-дан 2-10-ға дейін жылу, шығыста -3...+5-дан -1...+ 7 дейін төмендейді, күндіз 10-18-ден 0-8 аралығында жылу болжанады.

Елдің оңтүстігінде -1...+7-ден -3...+5 дейін сәл төмендей түседі, ал күндіз 13-22-ден 8-15-ке дейін болады. 

Республиканың оңтүстік-шығысында -1...+7-ден -3...+6-ға дейін ауытқиды, күндіз 12-20-дан 7-15-ке дейін жылынады. 

Талқылау