Аялдамаға тоқтаған соң талып қалған – Алматы облысында автобус жүргізушісі қайтыс болды (Видео)
Алматы облысының “Водник” ықшамауданында автобус жүргізушісі қайтыс болды. Ол есінен танар алдында аялдамаға тоқтаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

Куәгерлер жүргізушінің аялдамаға тоқтағанын айтады. Алайда көпшілік оның нашар сезініп, кейін есінен танғанын көрген. Оқиға орнындағылар ешқандай жол апаты болмағанын жеткізді.
Алматы қалалық полиция департаментінің ресми мәліметінше, жедел-жәрдем қызметкерлері науқасты бірден ауруханаға жеткізген. Алайда азамат ауруханаға жеткен соң көз жұмған.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан