Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басы жарылып, қоғамдық көлік ішін қан басты" Алматылық зейнеткер автобуста қатты зардап шеккен

Алматыда 38 маршруттағы қоғамдық көлік жүргізушісі қозғалыс кезінде тежегішті қатты басып, салдарынан іштегі 75 жастағы зейнеткер Татьяна Валентинова ұшып кетіп, жарақат алған. Жәбірленушінің жақындары жүргізушінің үстінен әлі іс қозғалмағанына наразы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, автобус жүргізушісі жылдамдықты жоғарылатып, бірнеше аялдама өткеннен соң кенет тежегішті басқан. Зейнеткер тұтқаны ұстай алмай, бірнеше метрге ұшып құлаған. Салдарынан түрлі сынық, жарақаттарын алып, жансақтау бөліміне түскен.

“Іштегі адамдар артқа қараған кезде қанға боялған әжеміздің жатқанын көрген. Кейін тез арада жедел-жәрдем қызметін шақырып, оған алғашқы көмек көрсеткен. Алайда полицейлер ақыры келмеген”,- деді жәбірленушінің немересі Сергей Курасов.

Ол бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатып, кеше ғана жалпы бөлімге ауыстырылған.

“Өз аялдамама түсуге дайындалып тұрған едім. Кейін ештеңені білмеймін. Жедел-жәрдем көлігінде ояндым”,- деді зейнеткер.

Бұл оқиғаға ондаған адам куәгер болған. Іштегі жолаушылар сол кезде жылдамдықты ақырындатып, қашықтықты ұстанып жүргізуін сұраса да, жүргізуші ызамен мән бермеген көрінеді.



“Тежеу басылған кезде артыма қарадым, Татьяна Валентинованы көріп, біз өзге көлікпен соқтығысқан шығармыз деп ойладым. Себебі зейнеткердің басы жарылып, қоғамдық көлік ішін қан басқан болатын”,- деді куәгер Адель Алмабаева.

Зейнеткер болған жайттан кейін жүргізушінің кешірім сұрап келмегенін айтты. Тіпті автобусқа иелік ететін автопарк те оқиғаға қысқаша түсініктеме беріп, тек жүргізушінің қызметінен босатылғанын атап өткен.

"Жолаушы қаржылай көмек сұрағандықтан, біз қазір мұны істей алмаймыз. Өйткені біз квазимемлекеттік компаниямыз. Қаласақ та, ақшаны жай ғана бере алмаймыз. Жәбірленушіге қатысты барлық төлемдер сот шешімінен кейін болады”,- деді "Алматы электротранс" ЖШС пайдалану бөлімінің бас маманы Малика Якупова. 

Марқұмның туыстары жүргізуші жазадан құтылып кете ме деп қорқуда. Полицейлер әлі мәлімдеме алмаған. Бірақ туыстары істі сотқа жеткізуге шындап ниеттеніп, әжейдің тезірек аяғынан тұрып кетуіне үміт артып отырғандарын жеткізді. 

“Әуезов полиция бөлімі менің арызымды қабылдамады. Олар әжемнің өзі жазсын деп талап қойды. Алайда оның жансақтау бөлімінде жатқанын айтып, сауығуын күтуді сұрадым”,- деді немересі Сергей Куарасов.

Деректерге сәйкес Алматыда жыл басынан бері автобус жүргізушілерінің кінәсінен 170 жол-көлік оқиғасы болып, 3 адам қаза тауып, 55 адам түрлі дене жарақаттарын алған.

Талқылау