Қостанайда лауазымды қызметкерлер жанармай талонын заңсыз саудалаған
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысы бойынша департаменті жанар-жағармай талондарын заңсыз сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, "Қостанай жылу-энергетика кәсіпорны" МКК механикаландыру қызметінің басшысы қызметтік бабын пайдаланып, жанар-жағармай талондарын ұрлап, жеңілдетілген бағамен әртүрлі тұлғаларға сатып жіберген.
“Бұрынғы басшы 2020 жылдың қазанынан 2021 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта 2,5 мың литрден астам АИ-92 маркалы бензинге және 100 мың литрге жуық жазғы дизель отынына талондарды ұрлап, 18,5 млн.теңге материалдық залал келтірген”, – делінген хабарламада.
Сот қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл шартты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды, сонымен қатар ол барлық белгіленген мерзімге пробациялық бақылауға алынды.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған