AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяқ-қолы жоқ визажист қыз желіде танымал болды

Аяқ-қолы жоқ он сегіз жасар британдық визажист Изабель Уэлл макияж жасау шеберлігімен желіде танымал болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап. 

Қазір әлемге әйгілі косметикалық брендтер қызбен ынтымақтастық орнатып, бірге жұмыс істеуге ұсыныс білдіруде. 

Бастапқыда Изабель Велл өзін әрлеу үшін макияжжасауды үйренген. Кейінірек бұл процесс қыздың сүйікті ісіне айналып, ол бейне блогын бастаған. Ол кезде қыз небәрі 14 жаста еді. Изабель осыншалық танымал боламын деп ойламаған, Дегенмен, қазіргі уақытта оның жазылушылардың саны 400 мыңнан асады.

"2018 жылы мен Huda қабақ бояуы палитрасымен макияж жасаған кездегі видеоны жариялаған болатынмын. Бейне ескі телефонмен түсірілген және өте сапасыз болған. Артынша менің видеомды Huda Beauty бөліскеннен бері 200 000 адам маған жазылып, миллиондаған хабарламалар келген. Менің қолсыз макияж жасағаныма көптеген адамдар таң қалды деп ойлаймын. Бұл көп тәжірибе мен шешімді талап етті. Енді бренд маған өзінің жаңа косметикасын сынап көруге ұсыныс жасауда", - деп бөлісті Велл.

Бойжеткен өзінің ерекше шеберлігінің арқасында Next, Claire's Accessories, Lounge Apparel сияқты танымал брендтердің назарын аударды. 

Изабелла жеті жасында екі қолы мен аяғынан айырылған. Ол менингитпен ауырады. Қыз бір аптаға комаға түсіп, қолдары мен аяқтарында қан айналымын бұздылғандықтан, ампутация жасауға тура келген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр